Ыстықкөлдік "Барс" клубы өз тарихындағы алғашқы маусымында-ақ Қырғыз Премьер лигасының чемпионы атанды. Команда сапында Қазақстандық қақпашы Азамат Жомартов бар.
KazFootball.kz мәліметінше Жомартов маусым бойы бір ғана матчқа қатысып, сол ойында қақпасына гол айырылмаған.
Футболшы — Атыраулық футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол Қырғызстанның "Алай” және "Каганат” клубтарында, сондай-ақ Қазақстанның "Тұран”, "Қыран", "Арыс" және "Ордабасы” командаларының қақпасын қорғаған..
Біздің серіктес: FONBET