"Ордабасы" клубының экс-президенті Халықаралық іздеуде жүрген Бахтияр Байсейітов Түркияда жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz
Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың 21 ақпанында Байсейітовтың орналасқан жері анықталған соң, оны елге қайтару туралы ресми сұрау жіберілген. Алайда Түркия тарапынан әзірге ешқандай жауап келмеген.
Тергеу деректеріне сәйкес, Байсейітовқа Түркістан облысындағы "Қаратау" кен орнының құрылысына арналған 320 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр. Бұл қаражат Iri Building және "Қаратау” серіктестіктері арқылы ұрланды деген күдік бар.
Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Біздің серіктес: FONBET