“Ордабасының” Чемпиондар Лигасындағы потенциалды қарсыластары белгілі болды

2024 жылдың 18 маусымында Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі өтеді. 

Биылғы еурокубоктің басты турнирінде ел намысын шымкенттік “Ордабасы” қорғайды. Аталған команда өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанған еді. 

Шымкенттік команданың іріктеуі кезеңдегі потенциалды қарсыластары:

– «Ференцварош» (Венгрия);

– «Карабах» (Әзербайджан);

– «Слован» (Словакия);

– «Лудогорец» (Болгария);

– ХИК (Финляндия);

– «Флора» (Эстония);

– ФКСБ (Румыния);

– «КИ Клаксвик» (Фарер аралдары);

– «Шэмрок Роверс» (Ирландия);

– «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар);

– ТНС (Уэльс);

– «Пюник» (Армения);

– РФШ (Латвия);

– «Петрокуб» (Молдова);

– «Балкани» (Косово).

Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеуі кездесулері 9-10 шілдеде, ал қарымта ойындар 16-17 шілдеде өтеді.