Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» келесі жылға арналған бюджеті үш есеге қысқарады

05.12.2020, 00:25
Осының өзінде Шымкенттік ұжым ҚПЛ клубтары арасында ең көп қаржы бөлінетін клуб болып қала береді.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «Ордабасының» келесі маусымға арналған бюджеті 4-5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Baigenews.kz.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Ордабасы» Қазақстан чемпионатында бесінші орынға ие болды және келесі маусымда еурокубокта өнер көрсетпейді.

«Неліктен алдыңғы жылы көп ақша бөлінді? Себебі команда еуропалық жарыстарға қатысты. Пандемиядан кейін іссапар шығындары өсті. Біз еуропалық жарыстарда белгілі бір деңгейге жеткіміз келді. Еурокубокте жолымыз болмағандықтан бюджет бірден екі жарым миллиард теңгеге қысқарды. Бұл ақша пандемиямен күресуге жұмсалды. Келесі жылы біз бюджетті 30% қысқартамыз, нәтижесінде төрт-бес миллиард теңге бөлінеді. Қаламыз республикалық бюджеттен қаржыландырылатынын ұмытпаңыз және біз көшбасшы болуға ұмтылуымыз керек, тек осы туралы ойлануымыз керек», - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар, қала әкімі грузин маманы Кахабер Цхададзе клубтағы жұмысын жалғастыра ма деген сұраққа жауап берген жоқ.

БАҚ-тың хабарлауынша, өткен маусымда «Ордабасыға» 6,2 миллиард теңге бөлінген, бұл сома футболшылардың, жаттықтырушылар құрамының және команда қызметкерлерінің жалақысына, сондай-ақ стадион жалдауға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуға, рейстер және қонақ үйге орналасу үшін кетті.

Биыл «Ордабасы» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, бірақ бірінші іріктеу кезеңінде-ақ Румынияның «Ботошани» клубына (1:2) есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров