Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

20.05.2025, 12:57

Шымкенттік клуб биыл Конференция лигасында ел намысын қорғайды.

"Ордабасы" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Андрей Мартин жаттықтыратын «Ордабасы» еурожорықты еленген клубтардың қатарында бастамақ. Осыған сәйкес, қазақстандық ұжым бірінші кезеңде рейтингі жоғары клубтармен кездеспейтін болып отыр. Бұл деген сөз «Ордабасының» потенциалды қарсыластары Босния, Словения, Чехия немесе Бельгия сияқты елдерден емес, Беларусь, Латвия және Мальтаның командасы болып қалуы ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстан атынан биыл тағы «Қайрат» Чемпиондар лигасында, «Ақтөбе» Еуропа лигасында және «Астана» мен «Ордабасы» Конференция лигасында өнер көрсетпек. Бұл төрттіктің арасында тек «Астана» ғана еурододадағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қалған клубтар бірінші раундтан жарыс жолына шығады. Іріктеу кезеңдері шілде-тамыз айларында өтеді.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров