Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» легионері ҚПЛ жайлы: стадиондары ескі және бұған неге ешкімнің көңіл бөлмейтінін түсінбеймін

Бүгін, 10:19

«Ордабасының» қорғаушысы Игорь Пластун ҚПЛ-дегі клубтардың жағдайы, инфрақұрылымы жайлы ойын айтып, шымкенттік команданың маусымдағы нәтижесіне баға берді.

Игорь Пластун Украина құрамасының сапында
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, былтырғы чемпион биыл төртінші орын алып, КЛ іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

«Өткен маусымды жақсы бағалаймын. Бізде бапкер ауысты, бірақ жаңа жаттықтырушының тұсында да жиі алаңға шықтым. Алдымызға ең биік мақсаттар қойып, Конференциялар Лигасының жолдамасын еншіледік, сондықтан да маусым жаман өткен жоқ.

Қазақстанда футболды қаншалықты жақсы көретінін және оның ішіндегі жағдаймен таныспын. Футболға онда көп қаржы бөлінеді, алайда, кез-келген команда «Қайрат» пен «Астананікіндей» инфрақұрылыммен мақтана алмайды. Стадиондары ескі және бұған неге ешкімнің көңіл бөлмейтінін түсінбеймін. Сондай-ақ, Қазақстанда екінің бірі ұзақ мерзімді жоспар құра алмайды – ал мұндай кезде қандай да бір даму туралы айту орынсыз», - деді украиналық футболшы.

Игорь Пластун биыл шымкенттік клуб сапында ҚПЛ-де 23 ойынға қатысып, 3 рет мергендік танытқан. Украиналық футболшы сондай-ақ, өзінің отанында «Карпаты», «Оболонь» секілді ұжымдардың да намысын қорғады.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров