Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» мақсаты — Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу: Юрий Вакулко Гуцуляктың трансфері туралы айтты

14.11.2026, 15:26

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының украиналық жартылай қорғаушысы Юрий Вакулко отандасы Алексей Гуцуляктың Қазақстан чемпионатына ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, клуб басшылығы алдына үлкен мақсат қойып отыр.

«Ордабасы» сапына қосылған Алексей Гуцуляктың трансфері Украиналық футбол жанкүйерлері арасында қызу талқыланған болатын. Алайда Юрий Вакулко бұл ауысымның өзіндік себептері бар екенін түсіндірді.

«Гуцуляк келісімшартқа қол қоймай тұрып Шымкентке келген»

Юрий Вакулконың айтуынша, Алексей Гуцуляк «Ордабасымен» келісімшарт жасаспас бұрын Шымкентке арнайы келіп, клубтың жағдайымен танысқан.

Украиналық футболшы команда басшылығымен кездесіп, клубтың инфрақұрылымы мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат алған.

«Гуцуляк келісімшартқа қол қоймай тұрып осында келді. Басшылықпен сөйлесіп, жағдайды өз көзімен көрді. Сол кезде біз де аздап әңгімелестік. Мен оған кездесуі мүмкін қиындықтар туралы айтып, сұрақтарына жауап бердім», – деді Вакулко «Динамо Киев от Шурика» басылымына берген сұхбатында.

«Чемпиондар лигасына шықсақ, бәрінің көзқарасы өзгереді»

Юрий Вакулко Гуцуляктың Қазақстан чемпионатына ауысуы кейбір украиналық жанкүйерлерге күтпеген шешім болып көрінуі мүмкін екенін мойындады.

Дегенмен ол «Ордабасының» Еурокубоктағы мақсаты бұл трансфердің маңызын түсіндіретінін жеткізді.

«Қазір украиналық жанкүйерлерге бұл трансфер оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ жазда «Ордабасы» Гуцулякпен бірге Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықса, бәрі бұл шешімге басқаша қарайды деп ойлаймын», – деді футболшы.

Оның айтуынша, Шымкенттік клубтың жаңа басшылығы жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздеп отыр.

«Клубымыздың иелері өте өршіл. Олар алдына дәл осындай мақсат қойып отыр. Ал оны жүзеге асыру үшін Гуцуляк сияқты футболшылар қажет», – деп толықтырды Вакулко.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров