Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» осы жылға арналған бюджет көлемі белгілі болды

10.01.2021, 16:00
Қаражат өткен жылғымен салыстырғанда 46%-ға қысқарыпты.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" клубының 2021 жылға арналған қаражат көлемі 3,5 миллиардты құрады.

КазТАГ порталының ақпаратына сенсек, нақты сома 3 571 428 571 теңгені құрайды деп күтілуде. Биылғы қаражат көлемі өткен жылға қарағанда екі есеге қысқартылған екен.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша "Ордабасы" Қазақстан чемпионатында бесінші орынға ие болды және келесі маусымда еурокубокке қатыспайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен маусымда "Ордабасыға" 6,2 миллиард теңге бөлінген, аталған қаражат футболшылардың, жаттықтырушылар құрамы мен команда қызметкерлерінің жалақысына, сондай-ақ стадионды жалға алуға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуға, рейстер және қонақ үйлерге орналасу үшін жұмсалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров