Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» президенті: чемпионатта ең жоғары орындар үшін күресетін боламыз

01.04.2025, 15:40

Шымкенттік клубтың президенті Асхат Сейсембек өзінің Instagram желісі арқылы жанкүйерлерге болып жатқан жағдайға байланысты түсініктеме беріп, клубтың мақсатымен таныстырды.

«Ордабасының» президенті: чемпионатта ең жоғары орындар үшін күресетін боламыз
Асхат Сейсембек
Жарнама
Жарнама

“Нәтижелер бізді қуантып отырған жоқ. Бірақ бұны дұрыстай аламыз, оған күмән жоқ! Қазіргі турнирлік жағдайды анықтап отырған көп фактор бар, соның ішінде толықтай жаңартылған команда мен күнтізбе. Жаңа командамен бірге, біз тек 9 айдан аз уақыт бұрын жаңа клуб құруға кірістік. Саналы түрде кең таралған жеңіл жолды таңдаған жоқпыз, керісінше маусымның қақ ортасында ішкі және сыртқы реформаларын жүргізе бастадық, дәлірек айтсақ, «хирургиялық араласу» қажет екенің түсіндік.

Нақты айтқанда, біз:
1. Қаржылық жүктемені төмендеттік;
2. Бюджетті оңтайландырдық;
3. Бас команданың жалақысын қысқарттық;
4. Академияның рөлін күшейттік;
5. Жергілікті ойыншылар санын арттырдық;
6. Материалдық-техникалық базаны дамыттуға бар күшімізді салдық;
7. Директорлар кеңесінің көмегімен қоғамдық бақылауды күшейттік.

Өзгерістер әрдайым оңай емес. Спорт саласында олар бірден нәтижеге тікелей әсер етеді. Дегенмен, біз осы жылы Еурокубоктарда ойнаймыз және чемпионатта ең жоғары орындар үшін күресетін боламыз. Қазір тек қана 3 тур өтті, оның 2-еуі өткен жылдың жүлдегерлерімен», - делінген А. Сейсембектің жазбасында.

Айта кетейік, «Ордабасы» ҚПЛ-2025-тің үш турынан кейін соңғы 14-орында келеді. Шымкенттік команда үш матчта бірде-бір гол сала алмай, 2 ұпай ғана еншілеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров