Шымкенттік “Ордабасының” бас бапкері Андрей Мартин өткен маусымдағы сәтсіз нәтижелердің себебін түсіндіріп, команданың жіберген қателіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі маман клубтың жеңілістері үшін ең бірінші кезекте өзін кінәлайтынын жеткізді. Оның пайымдауынша, ұжымдағы жетістік пен сәтсіздіктің аражігін дұрыс ажырата білу керек.
“Жеңілген матчтарға бапкер кінәлі, ал жеңістер — ойыншылардың еңбегі. Мен әрқашан осы ұстанымды қолдаймын. Сондықтан өткен маусымдағы сәтсіздіктер үшін жауапкершілікті бірінші кезекте өз мойныма алуым керек.” — деді Андрей Мартин Sportlife YouTube арнасына берген сұхбатында.
Бас бапкер сәтсіздіктің тағы бір маңызды себебі ретінде команда құрамын жасақтау кезіндегі олқылықтарды атап өтті. Оның айтуынша, қысқы трансфер кезінде келген ойыншылар күткен үмітті ақтай алмаған.
Біздің серіктес: FONBET