Жарнама
Жарнама

“Ордабасының” жаңа дәуірі – Шымкенттік клуб Forbes тізіміндегі магнаттың қолына ресми өтті – “Манчестер Ситидің” бұған қандай қатысы бар?

Бүгін, 14:25

Шымкенттік “Ордабасы” клубының айналасындағы түсініспеушілікке нүкте қойылды. Ақпан айында басталған иелік ету құқығын тапсыру процесі заңды түрде аяқталып, ел чемпионы ресми түрде жекеменшікке өтті. Клубтың жаңа қожайыны — Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Шахмұрат Мүтәліп, деп хабарлайды Aladop.kz. Дядя Ваня-ға сілтеме жасап.

Жарнама
Жарнама

Неге ақпанда емес, мамырда сатылды?

Көпшілік “клуб ақпанда сатылып кеткен жоқ па?” деген сұрақ қоюы мүмкін. Шын мәнінде, ақпан айында әкімдік пен инвестор арасында тек ниет туралы меморандумға қол қойылған болатын. Заң бойынша, мемлекеттік мүлікті жеке қолға өткізу үшін міндетті түрде аукцион рәсімі өтуі тиіс.

Осыған байланысты, мамыр айында ресми сауда-саттық ұйымдастырылып, клуб 224,1 млн теңгеге бағаланды. Бұл сомаға команданың бренді мен негізгі мүліктері (автобустар мен жеңіл көліктер) кірді. Ал Қажымұқан стадионы мемлекет меншігінде қалды.

Миллиардтық қарыз мәселесі шешілді ме?

Клубты қабылдап алу кезінде жаңа басшылық қиын жағдайға тап болды. 2026 жылдың сәуіріндегі есеп бойынша, “Ордабасының” балансында 1,099 миллиард теңге қарыз болған.

Клубтың атқарушы директоры Мейіржан Есенғараев бұл мәселенің беті бері қарағанын айтты:

“Иә, маусым басында қарыздар болды, бірақ біз оның бәрін толық өтеп қойдық. Ендігі мақсат — таза қаржылық тарихпен жаңа деңгейге шығу.”

Шымкентте “Манчестер Сити” үлгісіндегі хаб бой көтереді

Клубты сатып алған Шахмұрат Мүтәліп команданы жай ғана ұстап тұруды емес, оны әлемдік деңгейге шығаруды көздеп отыр. Ол үшін:

– 10 гектар жер: “Тұран-2” шағын ауданында жаңа стадионның қасынан үлкен академия салынады.

– City Football Group тәжірибесі: Клуб өкілдері Стамбул мен Лондондағы “Манчестер Сити” орталықтарын аралап, сондағы басқару жүйесін Шымкентке енгізбекші.

– Инфрақұрылым: Қазір клуб “БИИК” базасын жалдап жүрсе, жақын арада өздерінің сверхсовременный футбол орталығы болады.

Осылайша, “Ордабасы” тек қағаз жүзінде емес, заң жүзінде де, қаржылай да толықтай жекеменшік бағытқа бет бұрды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров