«Ордабасының» 21 жастағы шабуылшысы Максим Ваганов «Каспийге» ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Жас футболшы ақтаулық клубта ағымдағы маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек.
Ойыншы «Каспийдің» ҚКФЛ ресми сайтындағы өтініміне 81-нөмірмен енгізілді.
Максим Ваганов - Шымкент футболының түлегі. Мансабын «Ордабасы» жастар командасында бастап, 2019 жылы Премьер-лигада дебют жасады. Осы уақытқа дейін ол шымкенттіктердің негізгі командасында 23 кездесу өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Биылғы маусымда Максим Премьер-лига аясында «Ақжайық» қақпасына гол соққан болатын.
Біздің серіктес: FONBET