Жарнама
Жарнама

Орельян Тчуамени «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

11.06.2022, 22:47
Мадридтік клуб футболшы үшін 100 миллион еуро төледі.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реал» «Монаконың» жартылай қорғаушысы Орельян Тчуамениді қатарға қосқанын хабарлады.

Корольдік клуб 22 жастағы француз футболшысымен алты жылдық келісім-шартқа отырды. Тчуаменидің ресми таныстырылымы сейсенбі күні, яғни 14 маусымда өтеді. Жартылай қорғаушының трансферлік құны 80 + 20 миллион еуроны құрады.

«Пари Сен-Жермен» Орельянға «Реал Мадридке» қарағанда көп жалақы ұсынуға дайын болды, бірақ олар футболшының басқы нұсқаны таңдағанына байланысты келіссөздерді тоқтатты. «Ливерпуль» де Тчуамениге қызығушылық танытып, оның агенттерімен тікелей байланыста болды, бірақ Килиан Мбаппеден айырылған «Реал Мадрид» келіссөздер барысында бар күшін салды.

Орельян «Монако» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бастап өнер көрсетті. 2021/22 жылғы маусымда жартылай қорғаушы команда үшін 50 матчта 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров