Жарнама
Жарнама

“Орны толмас шығын” – Румыниялық агент “Қайраттың” басты қателігін атады

Бүгін, 10:50

Офри Арадтың Румыниялық "ФКСБ" (Стяуа) клубына ауысуына қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Осы трансферге тікелей атсалысқан Румыниялық бапкер әрі агент Антониу Стоян Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында ауысудың мән-жайын ашып айтты.

Агенттің пайымдауынша, Израиль құрамасының ойыншысынан айырылу — "Қайрат” үшін орны толмас олқылық.

"Сапалы ойыншыдан айырылу — үлкен өкініш"

Антониу Стоян футболшының Алматылық ұжымнан не себепті кеткеніне және оның команда үшін маңыздылығына тоқталды:

"Шынымды айтсам, "Қайраттың” оған жаңа келісімшарт ұсынып, алып қалуға тырысқанынан хабарым жоқ. Бір анығы — Офри "ФКСБ"-мен келісімге қол қойған сәтте еркін агент мәртебесінде болды. Менің жеке пікірімше, "Қайрат" өте жоғары деңгейлі, сапалы ойыншысын жіберіп алды. Мұндай футболшының командадан кетуі — үлкен шығын. Өте өкінішті." — деді Стоян.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров