Жарнама
Жарнама

Орталық Азия дербиі – “Қайрат” пен “Пахтакор” Түркия төрінде кездеседі

Бүгін, 18:35

7 ақпан күні Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында айтулы дода өтпек, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ташкенттің "Пахтакоры” мен Алматының "Қайраты” жасыл алаңда күш сынасады. Бұл матч XXI ғасырдағы қос ұжым арасындағы төртінші ойын болса, жалпы тарихындағы 54-ші кездесу ретінде тіркелмек.

Бүгінде екі команданың арасындағы статистикалық көрсеткіш дәл тең түсіп тұр:

"Қайрат" жеңісі: 21

"Пахтакор” жеңісі: 21

Тең ойындар: 11

Соңғы жылдары Өзбекстандық клубтың басымдығы байқалады. 2023 жылы Ташкент пен Алматыда өткен екі кездесуде де "Пахтакор" (1:0 және 4:3) басым түскен болатын. Тіпті, сонау 2006 жылы БАӘ-де өткен жолдастық кездесуде де Ташкенттіктер 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Дегенмен, Кеңес одағы тұсындағы ойындарды сараласақ, "Қайраттың" мерейі көбірек үстем болғанын көреміз. 

Қазіргі таңда Қазақстан футболы Еуропа айдынында, ал Өзбекстан Азия құрлығында өз мақсаттарын жүзеге асыруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров