Жарнама
Жарнама

Орталық стадион - тәжірибелі маманның қолында

30.09.2025, 17:00

The Athletic басылымы Алматыдағы "Қайрат" клубына арнайы мақала арнап, онда басты назарды жергілікті стадионның жағдайына аударды. Себебі, Чемпиондар лигасындағы тартысты матчтардың тағдырын кейде алаң сапасы да шешіп жатады.

Жарнама
Жарнама

"Қайрат” алаңының күтімі Украиналық маман Виктор Яременконың қолында. Бұл кісі әдеттегі көгалшы емес, оның тәжірибесі Еуропа аренасында талай сыннан өткен. Мәселен, Яременко 2018 жылғы Чемпиондар лигасының финалына дайындық жасаған. Ол кезде Киевте "Реал Мадрид” пен "Ливерпуль” кездесіп, Мадридтік клуб 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, бүгінгі "Қайрат” – "Реал” ойынына арналған алаңды да дәл сол маман әзірлеп жатыр. Мадридтіктердің ірі жеңісіне куә болған маман енді олардың Қазақстандағы ойынын өткізуге жауапты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров