Жарнама
Жарнама

Орталық стадионда Backstreet Boys концерті өтті, ал Макс Корждың шоуы неге тоқтатылды?

20.09.2025, 10:00

Алматының Орталық стадионында әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтті. Бұл шара "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи кездесу алдында, яғни матчқа он күн қалғанда ұйымдастырылды.

Жарнама
Жарнама

Дегенмен, Қазақстандық көрермендер арасында сұрақ туындады, неге Backstreet Boys-қа концерт өткізуге рұқсат беріліп, ал Беларусь әртісі Макс Корждың шоуы соңғы сәтте тоқтатылды?

Әртістің командасы концертке дайындықты 2024 жылдың қарашасында бастағанын айтқан.

  • 2025 жылдың қаңтарында Алматы қаласының уәкілетті органдарына рұқсат алу үшін барлық құжаттар тапсырылды.
  • 7 және 11 ақпанда ресми жауап алынды.
  • 13 наурызда "Спорттық нысандар дирекциясымен” келісімшартқа отырып, алдын ала төлем жасалды.
  • 10 наурызда дирекция концерттің өтетіні туралы ресми жазба жариялады, 17 наурызда билеттер сатылымға шықты.

Алайда, 27 тамызда дирекция ресми аккаунтында концерттің болмайтынын хабарлады. Себебі ретінде стадион алаңының техникалық жағдайы көрсетілді. Кейінірек әртіс командасына бұрын берілген рұқсаттың жарамсыз екені айтылып, жаңа рұқсат мүлдем берілмеген.

– Offside.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров