Санаулы күн бұрын ғана «Қайрат» клубы еурокубоктағы топтық кезеңнің ойындарын қабылдауға мүмкіндік алған еді. Алайда командаға тағы бір қауіп төнді.
10 тамызда Дженнифер Лопес Алматының Орталық стадионының сахнасына шығады. Бұл концерт футбол жанкүйерлерінің алаңдатуы мүмкін.
Себебі, Дженнифер Лопестің концертінен кейін Ташкенттегі табиғи төсемі бар «Бунедкор» стадионында жағдай өте мүшкіл болды. Өзбек БАҚ-тары алаңды қалпына келтіруге екі айға дейін уақыт кететінін жазды. Елдің футбол федерациясы тіпті Орталық Азия кубогының финалын басқа стадионға көшіруді қарастырып жатыр.
Енді кезек Алматыға келді. Орталық аренада да табиғи көгал бар. «Қайрат» футболшылары шоу-бизнестің «құрбанына» айналуы мүмкін. Бұған дейін Ереванда Джей Ло концертінен кейін елдің басты аренасындағы көгалдың жағдайы да нашарлап кеткен болатын.
Ендігі кезек – Алматы. Стадионымыз кезекті сынақты сәтті өткізе ала ма екен?
Біздің серіктес: FONBET