Өскемен қаласында жаңа үлгідегі жабық футбол манежінің құрылысы басталды. Жаңа нысан УЕФА талаптарына толық сай келетін болады.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба аймақтық спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ең ірі бастамалардың бірі болмақ.
Болашақ манеждің трибунасы кемінде 4 500 көрерменге арналған. Нысан аймақтағы ең заманауи спорттық ареналардың біріне айналып, ұлттық және халықаралық деңгейдегі турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді.
Әкімнің айтуынша, басты мақсат – Шығыс Қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, жас спортшыларға сапалы дайындық ортасын құру.
Біздің серіктес: FONBET