Бүгінде «Астананың» намысын жыртып жүрген Сергей Остапенко келесі біріншілікті «Ақтөбеде» жалғастыруы мүмкін. 26 жасар шабуылшы бұған дейін Қазақстан Премьер‑Лигасындағы үздің клубтардың сапында өнер көрсеткен. Дәлірек айтанда, «Алма‑Ата», қостанайлық «Тобыл», талдықорғандық «Жетісу», сонымен қатар, бельгиялық «Антверпенаның» да ойыншысы атанған. 2009 жылы «Ақтөбенің» де жейдесін киіп, 9 ойында алаңға шыққан екен.
Есет Төлеш