Жарнама
Жарнама

«Осыншалықты құлдырап соңғы орынды азиялық командамен бөлісеміз деп кім ойлаған?». Даниялық жанкүйерлердің «Қайраттың» алдындағы пікірлері

25.11.2025, 11:57

«Sports.kz» порталы ЧЛ жалпы кезеңінің 5-туры қарсаңында болатын «Копенгаген» - «Қайрат» кездесуінің алдында даниялық фанаттардың жазбаларын аударып, материал жасаған болатын.

"Копенгаген" - "Хайденхайм" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Біз соның ішіндегі ең қызықтыларын сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

«Енді бюджеті 20 миллиондық мұндай қарсыластан ұтылу мүмкін емес. Оларға өз алаңымызда титтей де мүмкіндік бермеу керек»;

«Карабахтан» жеңілген соң бұл маусымда ештеңеге таңқалмаймын. Ол аздай қарсылас құрамында өткен аптада бізге қарсы өмірлік ойын өткізіп Әлем чемпионатына баратын үмітімізді біржолата сөндірген Валерий Громыко бар»;

«Қашаннан бері мұндай деңгейдегі қарсыластардан қорқатын болғанбыз? Оларды тіпті біздің жастар командасы да ұтуы тиіс, сондықтан, сәрсенбіде кемінде 3:0 деген есепті күтеміз»;

«Біз «Тоттенхэмге» қарағанда «Қайрат» өткен турда «Интерге» тегеурінді қарсылық танытты. Ойын алдында біртүрлі сезіктеніп тұрғаным-ай»;

«4:0 сенімді жеңіс күтемін»;

«Осыншалықты құлдырап соңғы орынды азиялық командамен бөлісеміз деп кім ойлаған?»;

«Өтінемін, бұл қазақтарды талқандап тастаңыздаршы, тізгінді қолға алатын уақыт жетті».

«Копенгаген» - «Қайрат» матчы ертең болады. Әзірге қос команда бір-бір ұпаймен 33-34 орындарға қатар жайғасқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров