Осының Нұралы Әліпте несі бар?!

21.02.2024, 09:26

Ресейлік комментатор Генадий Орлов "Зениттің" қорғаушысы Нұралы Әліп туралы пікір білдірді. 

Әліптің әлі де шикі екенін айтқан Орлов: "Иә, Нұралы бар. Оның мықты тұстары да бар, бірақ шабуылға әлі де дем бере алмайды. Әліп қасындағы командаласына ғана пас бере алады, бұл заманауи футболда аздық етеді. Қазір "Зениттің" ең осал тұсы осы қорғаныс шебі, соған алаң басым"- деді.