Жарнама
Жарнама

Отандасымыз РПЛ жаңа маусымын бастады

Кеше Ресей Премьер-лигасының 1-тур кездесулері өтті.

Жарнама
Жарнама

Жалпы ішкі чемпионаттың алғашқы турында 7 кездесу өтті.

Грозныйлық “Ахмат” клубы өз алаңында қазандық "Рубиннен" 0:2 есебімен жеңілді.

“Ахмат” (Грозный, Ресей) – “Рубин” (Қазан, Ресей) – 0:2

Голдар: Дардан Шабанхаджай 24, Велжин Ходжа 51

Максим Самородов бұл кездесуді қосалқы құрамнан бастап, матчтың 55 минутында алаңға шықты. 

РПЛ келесі кездесуін “Ахмат” 27 шілде күні мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізеді.

Тағы бір ойында Нұралы Әліп өнер көрсететін "Зенит" командасы өз алаңында "Ростовты" 2:1 есебімен жеңді. 

“Зенит” (Санкт-Петербор, Ресей) – «Ростов» (Ростов-на-Дону, Ресей) – 2:1

Голдар: Матео Кассьера 67, Андрей Мостовой 79 (пенальти) – Иван Комаров 22

Қорғаушы Нұралы Әліп ойынға шығатын футболшылар тізімінде болғанымен, сол күйі кездесуге қатыспады. Бас бапкер Сергей Семак жарақатынан енді айыққан аяқдопшыны келер матчтарда алаңға шығарып қалуы әбден мүмкін.

“Зенит” командасы “Ахмат” секілді келесі ойынын 27 шілде күні өткізеді. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров