Мәскеудің "Динамосы" Ресей Премьер лигасының 6-турында қарсыласын ойсырата ұтты.
Ойын "ВТБ-Аренада" өтіп, алаң иелері Нижний Новгородтың "Пари НН” командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Голдарды Денис Макаров (16-минут), Даниил Фомин (46) және Николас Маричаль (90+3) соқты.
Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов бұл кездесуді жарақатына байланысты өткізіп алды.
Осы жеңістен кейін "Динамо” 8 ұпаймен турнир кестесінде 8-орынға көтерілсе, "Пари НН” 3 ұпаймен 15-сатыда қалды.
Біздің серіктес: FONBET