“Днепр” ФК белорус чемпионатының 9-турында “Нафтан” командасында қонақта болды.
Ойындағы алғашқы гол екінші таймда соғылды. Матчтың 46 минутында алаңға қосылған “Нафтан” ойыншысы Яллет 61 минутта есепті 1:0 қылды. Көп ұзамай 65 минутта “Днепр” Донгоның көмегімен есепті теңестірді. Алайда кездесудің 80 минутында Могилев командасының аяқдопшысы Юркевич өз қақпасына автогол кіргізіп алды. Нәтижесінде “Нафтан” өз алаңындағы матчта 3 ұпайға қол жеткізді.
20 жастағы шабуылшы Данил Анкудинов аталған ойынды бастапқы құрамда бастады. Бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түспеген футболшы үзілістен кейін алаңнан кетті. Жалпы қазақстандық шабуылшы белорус чемпионатында 8 ойын өткізіп үлгерді. 6 ойында қатарынан жеңіске жете алмай келген “Днепр” турнирлік кестеде 7 ұпаймен 13 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET