Жарнама
Жарнама

Отандық ардагер Дастан Сәтпаев туралы: Еркебұлан Сейдахметке де дәл осылай көп жүк артылғанын естеріңізге алыңыздаршы. Аяғы не болды?..

17.03.2025, 16:46

Танымал сарапшы Юсуп Шадиев Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі мүмкіндіктері мен футболшылары туралы ойын ортаға салды.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

Айтуынша, қазір шабуыл шебіндегі басты үміт Максим Самородовқа артылмақ.

«Қазіргі аяқ-алысын ескеретін болсақ, алдағы екі ойында шабуыл өтінде әрине Максим Самородов өнер көрсетеді деп ойлаймын. Ол РПЛ-де негізгі ойыншыға айналды және өзінің клубында да көшбасшы болуда. Ал Дастан Сәтпаевқа байланысты асығыстық танытудың қажеті жоқ шығар. Не дегенмен жоғары деңгейде бірнеше матч қана өткізді ғой. Сөзсіз, Дастан өте талантты өрен, бірақ дәл қазір иығына үлкен жауапкершілік артуға болмайды. Еркебұлан Сейдахметке де дәл осылай көп жүк артылғанын естеріңізге алыңыздаршы. Аяғы не болды? Футболшы әлеуетін толық көрсете алмады. Қазір Сәтпаевты уақытынан бұрын мақтаудың қажеті жоқ. Ол небары әлі 16 жаста ғана. Барлығы өзінің уақытымын болады», - деді отандық маман.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев ӘЧ-2026 іріктеу матчтарына Дастан Сәтпаевты да шақырған. «Челсидың» шабуылшысы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарда өнер көрсетуі ықтимал. Дастан ҚПЛ-2025-тің алғашқы екі турында бір гол салып, алматылық клубтың жетістігіне өзінің үлесін қосты.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров