Жарнама
Жарнама

Отандық бапкер ҚПЛ фавориттерін атады: биыл чемпиондыққа осы командалар таласатын шығар...

Бүгін, 16:49

Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұқбат беріп, премьер-лиганың алғашқы турларын түйіндеді.

"Қайсар" - "Астана" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал маман сондай-ақ, фавориттер турасындағы пікірімен бөліскен болатын.

«3 турдан кейінгі әсер? «Астана», «Қайрат», «Елімайдың» ойыны көңілден шығады. Әзірге енді турнирлік кестенің жоғары жағындағылардың барлығы тәуір көрінуде. Селекциялары жақсы, соның арқасында ойындары да жаман емес деуге болады. Әдеттегі көшбасшылар өздерінің позициясын бермей тұр ғой. Биыл чемпиондыққа осы командалар таласатын шығар. Сондай-ақ, «Ордабасы» да таласқа түсуі ықтимал. Шымкенттіктердің осы үштікпен бәсекелестікке түсетін қауқары бар. Ал басқаларына жоғары мақсаттар үшін күресу қиынырақ түсетін секілді. Көктемгі футбол болған соң, жалпы, командалардың ойыны әлі де шала. Қателіктер өте көп. Клубтар енді-енді күш алуда. Өздеріңіз білесіздер, бізде жыл сайын командалар толықтай жаңарады, басым бөлігінде өзгерістер болады. Команда ішінде өзара түсіністік орнату, футболшылардың байланысын қалыптастыруға уақыт керек», - деді Б. Есмағамбетов.  

ҚПЛ-дің 3 турынан кейін «Астана» 7 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат», «Ордабасы» мен «Оқжетпес» еншісінде де 7 ұпайдан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров