Жарнама
Жарнама

Отандық ойыншылардан легионерлер озып тұр

19.11.2012, 12:53
Жарнама
Жарнама

 

 Жақында ғана аяқталған футболдан ел чемпионатында алаңда барлығы 360 футболшы өнер көрсеткен болса, соның 124-і легионерлер болған екен. Біріншілік барысында барлығы 432 гол соғылса, соның 222-сін легионерлер соғыпты. Иә, сезіп отырғандарыңыздай, Қазақстан футболының кезекті маусымының аяқталғанын пайдаланып, бүгінгі тақырыбымызда отандық һәм шеттен келген.

Спортта «легионердің шеберлігі отан­дық ойыншыдан жоғары тұруы тиіс» деген қа­ғида бар. Шымылдығының жабылға­нына жарты айдан енді ғана асқан фут­болдан Қазақстан чемпионатының 21-мау­сымына көз тігер болсақ, шынымен де, биыл отандық ойыншыларға қарағанда ле­гио­нерлердің орны келелі болған секілді. Рас, қазақ жерінде доп тепкен ше­телдік ойыншылардың барлығын керемет дей алмаймыз. Арасында бір-екі ойынға ғана қатысып, маусымның қалған бөлігін қосалқы құрамда өткізгендері де жетерлік. Дегенмен көпшілік клубты өрге сүй­регендер легионерлер екенін мойын­дауы­мыз қажет. Бұл ретте бірінші кезекте «Ақтөбені» еске аламыз. Биыл бас бапкері Владимир Мұқанов барлығы 29 футболшыға сенім артып, алаңға шығарыпты. Солардың 12-сі – таза легионерлер. «Таза» деп астын сызып көрсетуіміздің де себебі бар. Өйт­кені «Ақтөбеде» Қазақстан азаматтығын алып, ел футболына сіңісіп кеткен Еміл Кенжесариев, Антон Землянухин, Андрей Сидельников, Марат Хайруллин, Жасұр Нәрзіқұлов сынды футболшылар да бар. Қалталарында Қазақстанның төлқұжаты болғанымен, бұлардың қай-қайсысы да  – футбол тәлімін өзге елде алған жігіттер. «Ақтөбе» жарайды делік, легионер­лерінің арқасында үздік үштіктен орын алды. Ал «Қайсар» ше? Қызылорда ко­мандасының құрамында биыл 25 фут­болшы ойқастаса, соның 11-і легио­нерлер болыпты. Жартысына жуығы деуге болады. Соның өзінде Владимир Ники­тенко бас­таған ұжым маусым барысында ала-құла өнер көрсетіп, 9-орынға әзер ілікті. Жалпы, «Қайсардан» бөлек, «Сұң­қар» мен «Оқ­жетпес» командаларында да маусым барысында 11 легионерден ой­наған. Нәти­жесі өздеріңізге де белгілі, екі клуб та келер жылы бірінші лигада ойнауға мәжбүр. Дегенмен «Тараз», «Ертіс», «Ор­да­басы», «Ақжайық» сынды клубтар­ды өрге сүйрегендер негізінен легионерлер екенін айтпай кетуге тағы болмас. Жалпы, қазақ жерінде доп тепкен биыл­ғы легионерлерге лайықты баға­ларын беру үшін соққан голдарын санаған дұрыс шығар. Ендеше, санайық, 21-інші ел біріншілігінде барлығы 182 ойын өтіп, 432 гол соғылыпты. Оның 9-ы – автогол. 201-ін өз отандастарымыз соққан. Ал келім­сек­тердің үлесіне 222 доп жазылыпты. Сонда 244 футболшы жабылып жүріп, 201 голды әрең соққан болып шығады. Енді клубтарға жеке тоқталайық. «Шахтер» футболшылары биыл 46 гол соққан болса, соның 20-сы – легио­нер­лерінің еншісінде. «Ертіс» сапында отан­дастарымыз 21 гол соғып, легионерлер 24 допты еншілеріне жазған. Бәрінен де «Тараз» бен «Ақжайықтың» легионерлері көрермендерін голмен қарық қылыпты. Мәселен, «Таразда» олар 27 гол соқса, өз отандастарымыз небәрі 5-ақ голмен қуант­ты. Ал оралдықтардың сапында өз өрендеріміз – 5 гол, легионерлер 28 гол соқ­қан. Бәрінен де «Астана» сапындағы қазақ­стандықтар озып тұр. Биылғы маусымда елордалықтардың құрамында барлығы 23 ойыншы өнер көрсетсе, солардың 15-інің төлқұжатында Қазақстан азаматы деп көрсетілген. Қалған 8-і – өзге елден кел­гендер. «Астана» сапындағы голдардың 29-ын қазақстандықтар соғып, бесеуі ғана шетелдік футболшылардың еншісіне жазылыпты. Бірақ бұл түсінікті де. Өйткені бас бапкер Мирослав Беранек өз қара­мағына Қазақстанның балқаймақ­тарын ғана жинаған. Айтпақшы, біз өз отандастарымыздың қатарына Қазақстанның жеке куәлігі бар ғой деп, Владислав Чернышев, Антон Землянухин, Тарас Данилюк, Роман Пахо­люк, Михаил Рожков, Виктор Дмитриенко, Константин Головской, Штепан Кучера, Анатолий Богданов, Марат Хайруллин сынды футболшылардың барлығын да қосып жібердік. Әйтпесе бұлардың кейбірінің еншісінде бес-алты голдан бар. Айта берсек, ел чемпионатының үздік сұрмергені де – легионер. Биылғы бірін­шілікте алты доптан көп гол соққан бар­лығы 21 ойыншы бар дейтін болсақ, со­ның 11-і – шеттен келген шабуылшылар. Көп командада сұрмерген көшін бастап тұрғандар да – жалдамалы ойыншылар. Бұл нені білдіреді? Ел футболына келіп жатқан шебер легионерлердің өсуі ме, әлде отандық ойыншылардың өшуі ме? Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап берер. Тек өз өрендеріміз өркендей берсе дейміз.   Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ алаш айнасы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров