Өткен маусымда ең көп табыс тапқан клубтар тізімі жарияланды

22.03.2022, 18:26
Көш басында Гвардиоланың командасы тұр.

Deloitte халықаралық консалтингтік және аудиторлық компаниялар желісі өткен маусымдағы еуропалық клубтардың табысы туралы қаржылық есепті жариялады.

Сонымен, 2020/2021 жылғы футбол маусымында УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыққан «Манчестер Сити» ең жоғары табысқа қол жеткізсе, осы турнирдің жеңімпазы атанған «Челси» рейтингте небәрі сегізінші орынға тұрақтады. Екінші орын мадридтік «Реалға» бұйырса, алғашқы үштікті мюнхендік «Бавария» түйіндеп тұр.

Өткен маусымда ең көп табыс тапқан клубтар тізімі:

  1. «Манчестер Сити» - 644,9 миллион еуро
  2. «Реал Мадрид» - 640,7 миллион еуро
  3. «Бавария» - 611,4 миллион еуро
  4. «Барселона» - 582,1 миллион еуро
  5. «Манчестер Юнайтед» - 558 миллион еуро
  6. «Пари Сен-Жермен» - 556,2 миллион еуро
  7. «Ливерпуль» - 550,4 миллион еуро
  8. «Челси» - 493,1 миллион еуро
  9. «Ювентус» - 493,1 миллион еуро
  10. «Тоттенхэм» - 406,2 миллион еуро
  11. «Арсенал» - 363 миллион еуро
  12. «Боруссия Дортмунд» - 337,6 миллион еуро
  13. «Атлетико» - 332,8 миллион еуро
  14. «Интер» - 330,9 миллион еуро
  15. «Лестер» - 255 ,5 миллион еуро
  16. «Вест Хэм» - 221,5 миллион еуро
  17. «Вулверхэмптон» 219,2 миллион еуро
  18. «Эвертон» - 218,1 миллион еуро
  19. «Зенит» - 212 миллион еуро
  20. «Астон Вилла» - 207,3 миллион еуро