Жарнама
Жарнама

Өткен маусымның үздік голы анықталды

24.12.2021, 15:14
Үздігін таңдау үшін сегіз гол ұсынылды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымның ең үздік голын анықтау мақсатында сауалнама өткізді. 

Сауалнамаға OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатына қатысушы клубтардың басшылары, бас бапкерлері мен капитандары қатысты. Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. 

Таңдауға OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET-Кубок ойындарының аясында соғылған 8 гол ұсынылды. Ұсынылған әр голды жанкүйерлер ағымдағы жылдың наурыз-қазан айларындағы ең үздік гол деп таныған болатын. 

Үміткерлер тізімі келесідей: 

1. Абзал Бейсебековтың «Тұран» қақпасына соққан голы (наурыз айының үздік голы) 

2. Игорь Сергеевтің «Ордабасы» қақпасына соққан голы (сәуір айының үздік голы) 

3. Эрвейн Мукамның «Қайрат» қақпасына соққан голы (мамыр айының үздік голы) 

4. Юрий Бушманның «Астана» қақпасына соққан голы (маусым айының үздік голы) 

5. Ерболат Рүстемовтың «Атырау» қақпасына соққан голы (шілде айының үздік голы) 

6. Талғат Кусяповтың «Тұран» қақпасына соққан голы (тамыз айының үздік голы) 

7. Алексей Амановичтің «Атырау» қақпасына соққан голы (қыркүйек айының үздік голы) 

8. Артур Шушеначевтің «Ақжайық» қақпасына соққан голы (қазан айының үздік голы) 

Сауалнама қорытындысы бойынша Игорь Сергеевтің «Ақтөбе» сапында ойнап, шымкенттік «Ордабасы» (OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 4-туры) қақпасына соққан добы 2021 жылғы маусымдағы ең үздік гол болып танылды( 51 ұпай). 

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік үштік келесідей: 

1. Игорь Сергеевтің «Ордабасы» қақпасына соққан голы (сәуір айының үздік голы) - 51 ұпай 

2. Талғат Кусяповтың «Тұран» қақпасына соққан голы (тамыз айының үздік голы) - 47 

3. Абзал Бейсебековтың «Тұран» қақпасына соққан голы (наурыз айының үздік голы) - 46 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров