Жарнама
Жарнама

Өткен жылдың үздіктері

10.01.2014, 00:56
Жарнама
Жарнама
13-ші қаңтар күні, 2013-шы жылдың үздік ойыншысының есімін білетін боламыз. Үміткер - үшеу. Алтын доп - біреу. Жанкүйер ретінде менде өз тізімімді жасап көрдім. Жанкүйер ретінде дегенім, бүйрегім қай ойыншыға немесе қай командаға бұрғанына қарап емес, жасыл алаңда кім жақсы ойын өрнегін көрсеткеніне қарап. Айырмашалығы, тізімде финалист үш ойыншымен қатар, үздік деп санаған тағы жеті ойыншы бар. Криштану Роналду (Португалия, “Реал Мадрид”) Франк Рибери (Франция, “Бавария”) Лионель Месси (Аргентина, “Барселона”) Златан Ибрагимович (Швеция, “ПСЖ”) Андрес Иньеста (Испания, “Барселона”) Гарет Бэйл (Уэльс, “Реал Мадрид”) Луис Суарес (Уругвай, “ Ливерпуль”) Неймар (Бразилия, “Барселона”) Роберт Левандовски (Польша, “Боруссия Дортмунд”) Радамель Фалькао (Колумбия, “Монако”) Ал енді, түсіндіріп көрейін, тізімімнің неге бұлай болған себебін: Менің ойымша, Роналду қазіргі таңда әлемнің үздігі. “Реал” мен өз ұлттық құрамасы, Португалия сапында 60 ойын өткізіп, 69 голды өз еншісіне жазған. Әр ойынға шаққанда, 1 голдан артық тоғытқан деген сөз. “Барселонаның” жанкүйері бола тұра, “Месси жарақат алмағанда, барлық қарсыластарын қапыда қалдырушы еді”- деп фантазияга берілмей, Португалияның капитанының мықтылығын үнсіз мойындаған жайым бар. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Рибери. Мұсылман бауырымыз былтырғы жылы “Бавария” мен Францияның нағыз лидеріне айналды. Екінші тынысы ашылғандай. Шындығында, “Баварияның” былтырғы жылы покер еншілеуіне, түптеп келгенде осы ойыншының арқасы. 2-ші орынға лайықты деп шештім. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Аргентиналық гений. Әлемнің 4 дүркін алтын доп иегері, осы жылы бесіншісін еншілейді деуге өз басым сенбеймін. Бұл Мессидің шеберлігіне дауым бар деген сөз емес. 2013-шы жыл Мессидың жылы болған жоқ. Статистиканы жаман деуге болмайды, әрине, бірақ жарақаты, тіпті жарақаты емес жарақаттары кедергі жасады. Футболдағы бұл сәтсіздіктен ешкім сақтандырылған емес. Ал, осы, жылқы жылы жарақаттарынан толық айығып, тіпті Әлем чемпионы атанады деуге сенемін. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Жақында ғана әлем чемпионаты жолдамысынан қағылған Ибрагимовичтке 4-ші орынды бердім. 32 жасар сұр мергенді әлі күнге әлемнің үздік шабуылшыларының бірі деп қарауға толықтай негіз бар. 49 голдың авторы. Бразилиядағы әлем чемпионатында шведты көре алмайтынымыз өкінішті. Златан орындауындағы акробатикалық қимылдар әлем чемпионатының көркін қыздырары анық еді. Ағылшындарға салған голы естерінізде болар, достар. Көрмегендер болса ютубты қосып, тамашалуға кеңес берер едім. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Иньеста бір кездері дүниеде “идеал” атты ұғымның жоқ екенін айтқан болатын. Бірақ онын ойынына қарап онымен келіспеуге болады. Жасыл алаңдағы ойын өрнегіне мін табу қиын. Осы жылы да білгенінен жаңылған жоқ. Әрине, ол әрқашан адамдар жеңіс күтер командада ойнайды. Былтыр “Барсаның” біраз сүрінгені белгілі. Бірақ, испандық жартылайқорғаушыны бұған бола кінәлауға болмайды. Өз жұмысын беске атқарды. Былтыргы маусымда өз еншісіне 19 голға айналар пас жазды. Бұл оның карьерасындағы ең үздік нәтиже. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Уэльс ұлттық құрамасының ойыншысы 2013 жылы, тіпті Месси мен Роналдуге қарағанда, футбол мамандарының назарын өзіне көбірек аудартты. Корольдік клуб “Реалға” рекордтық трансфері. 100 миллион еуроға тұра ма, тұрмай ма деген сұраққа жауап іздеп, саралау еріккеннің ермегіне айналды. Бірақ, Бэйл жарады. “Реалға” келген соң, психологиялық қысымға тап болса да, “Тоттенхэмда” көрсетіп жүрген шеберлігін, “Реалда” да көрсетуін жалғастырды. Жалпы, былтырғы қорытынды бойынша оның еншісінде 27 гол, 12 голға айналған пас. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес, жылдан жылға жақсы ойнауда. Команда, бас бапкермен жан-жалына, футболға жат қылықтарына қарамастан (Ивановичтың құлағын тістеуі сияқты), шабуылшыдан күтер ең басты қызметін атқарды. Клуб пен ұлттық құрамасында 42 голды өз атына жазды. Кез келген матчтың тағдырын жалғыз өзі шеше алар ойыншы. Егер сіз Суарес ойынын үнемі тамашалайтын жанкүйер болсаңыз, оның алаңда команда үшін жан беруге дайын ойыншы екеніне келісеріңіз хақ. Ливерпульде қалып, біз аңсайтын Ливерпульді қайта тірілтуін өз басым тілеймін. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Неймар. Жас та талапты ойыншы Бразилияда жарқ етіп жұлдыздай жанған кезде, көбі оның Еуропаға ауысқанын тілеген. Осы жазда тілектері орындалып Барселонаға 57 миллион еуроға келді. Жаңа командасының сапына қосылмастан бұрын, болашақ әріптестеріне қарсы Конфедерация кубогінде ойнаған болатын. Барлық мамандар оған назар аударып, Пеленің отандасы шынымен де “Барселонада” ойнауына лайық па деген сұраққа жауапты май шаммен іздеген. Лайық екенін Неймар өз ойынымен көрсете білді, тіпті, финалда сол Испания қақпасына гол салып Бразилияның жеңісіне өз үлесін қосты. “Барсага” келгелі бері де көрсеткіші жаман емес. 23 ойында, 11 гол, 12 голға айналған пас. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Левандовски осыдан 5 жыл бұрын Польшаның екінші дивизионында гол салып жүрген. Юрген Клопп командасында келгелі бері, карьерасы жоғарыға өрлей бастады. Әу баста ол тек , Лукас Бариос жарақат алып, ойынға қатыса алмайтын кезде ғана алаңға шығып жүрген. Уақыт өте келе, негізгі құрамнан орын алып, “Боруссияның” 2011-2012 жылғы маусымда командасының “Баварияны” басып озып чемпион атануына көмектескен. Ал, 2012-2013 жылғы маусым Роберт үшін өте керемет болды. Оның Реал қақпасына жасаған покері, нағыз шабуылшының қандай боларын көрсеткендей. Өткен жылда 39 гол. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Фалькао үшін де 2013 жыл жемісті болды. Жылдың бірінші жартысында “Атлетико” сапында командаға Испания кубогінің иесі атануға көмегін тигізді. Екінші жартысында, “Монакоға” көшіп, кез келген қорғаушыны састыруда. Бірақ тағы да Чемпиондар лигасында емес. Өкініштісі осы. Бірақ жетістіктерін, ойын өрнегін бағалап, үздік 10 ойыншының қатарына ілігуге лайық деп шештім. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- “Өз сөзім өзімдікі”-деген екен Абай атамыз бір қара сөзінде. Сол сияқты менің ойымда, пікірімде, сөзімде өзімдікі. Ал, сіз үшін 2013-ші жылдың үздіктері кім?     Жолдаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров