Жарнама
Жарнама

Оттмар Хитцфельд-неміс "генералы"

06.07.2014, 01:55
Жарнама
Жарнама
  Әлем чемпионатында Швейцарияны тізгіндеген әйгілі Оттмар Хитцфельд жаттықтырушылық ғұмырын аяқтағаны белгілі. Әлемде жаттықтырушылар көп, бірак бұл неміс маманының орны бір төбе. Негізгі мамандығы математика оқытушысы Оттмар, Бундеслигада бір-біріне ата жау болып кеткен, "Бавария" мен "Боруссия Дортмундты" Чемпиондар Лигасының шыңына шығарған бапкер 1999-жылы "Бавария" "Камп Ноуда" Чемпиондар Лигасының финалында не күй кешкенін білесіз бе? Айналдырған 4 минут мюнхендіктерге  аяқ астынан қуаныш артынан қасірет алып келді. Бүкіл ресми 90 минут бойы ойын басымдығы да, таблодағы есеп те немістер пайдасында болған. Ал, төреші қосқан 4 минут ішінде қарсылас Манчестер Юнайтед, 2 голды атақты Кан қорғаған қақпаған тоғытады да кетеді. Адам адамның басыңдағы жағдайды түсінуге тырысқанмен, оның орнында болмағандықтан, әрине толық түсіне алмайды. Сол секілді, "Баварияның" қандай күй кешкенін біз сезіне алмаймыз. Ал, сол кездегі "Баварияның" жаттықтырушысы қызметін атқарған "генералдың" қандай сезімде болғанын түсіну де, сөзбен айтып жеткізу де мүмкін емес шығар. Әрине, немістер Оттмар Хитцфельдке  "генерал" деген лақап атты бекер берген емес. Әдетте генералдар қайсар жан болып келеді ғой, сол секілді Оттмар да сондай жан. Өзекті өртейтін, ащы жеңілісті мойындады. Ашуға булығып, кезіккенге шағым айтпай, әйгілі сэр Алекс Фергюсонды жеңісімен құттықтап, қолын қысып, құттықтауын айтып кете барды. Қайсар адам қашан да қайсар ғой, 2 жылдан кейін, 2001-жылы бәрібір өз командасының Еуропада үздік екенін мойындатты. Негізі, Оттмардың өзі айтқандай екі отаны бар. Германия мен Швейцария. Футболдың иісін балалық шағында Германияда сезінгенімен, футболшылық ғұмырындағы жарқын шақтары Швейцарияда өтті. 4 маусымда "Базельдың" сапында 60 гол тоғытып, Бундеслиганың "Штутгарт" командасының назарына ілігеді. Бірақ, Германияда қанша жерден тырысқанымен, "Базельдағы" деңгейінен аспақ түгіл, оған жете де алмайды. Швейцарияғa қайта қайтқан Хитцфельд атты футболшыны еске де алмайды. Футболшыны.. Арада 20 жыл өткеннен кейін, футболшы ғұмырын аяқтап, оған дейін, "Цуг", "Арау", "Грассхопер" секілді швейцариялық клубтарды тізгіндеген Оттмарды дортмундық "Боруссия" шақырады. Жанкүйерлер наразылық танытады. Футболшы ретінде атағы жер жармаған, кәрі құрлықтың "ортан қол" командаларын жаттықтырған Оттмарды, онсыз да жағдайы мәз емес "Боруссияны" құрдымға кетіреді деген әңгімелер көбейген. Бірақ, Оттмар 5-6 жылдың ішінде "Боруссияны" жаңа деңгейге шығарады. Германия чемпионы, ал 1997 жылы "Боруссия" тарихында тұңғыш және қазірге дейін соңғы рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанады. Ешкімге белгісіз маманның Германияның өзіңде бірнеше командалардың көлеңкесінде жүрген "Боруссияны" көкке өрлетіп, айды аспанға шығарған себебін ол кезде көбі түсіне де, түсіндіре де алмаған. Ал, оның жауабы қарапайым еді. Футболшыларға қол астымдағы құл екен деп қарамау, әрбірінің тілін таба білу, бәрін өз баласындай жақсы көру. Тіпті, футболшының өзі де білмейтін бойындағы талантты ашу. Алаңда еркіндік беру. Міне, осының бәрі соның жауабы еді. Әрине, сыйға сый, сыраға бал дегендей футболшылар да, алаңда қос қанат біткендей, өз әкесіндей көретін Оттмар үшін де қасық қаны қалғанша шайқасатын. "Оттмар Хитцфельд командамен қалай жұмыс істеу керектігін білетін. Тіпті, кейде қатаң жаза қолданғанда да, ешкім оның шешіміне шүбә келтірмейтін. Жазаланушының өзі де. Команда да қанша футболшы болса, қанша түрлі мінез болса да, әрқашан бәрінің тілін таба білетін"-дейді даңқты футболшы Лотар Маттеус. "Боруссиядан" кейін, "Баварияға" барады. Қаржы да молынан, командадағы футболшылары бәрі жұлдызды "Бавария", осыған дейін жеңістің кілтін таппай-ақ қойған. Бәрі бар, бірақ ең бастысы нәтиже жоқ. Генерал келісімен, бәрі жөнге түседі. Бірінші маусымда-ақ чемпионатта "Бавария" ешкімді елемейді, бәрін таптап өтеді, ал еуроаренада басында бәрі тәтті болмағанымен,  ең үздік клубтық турнирдің алтынын түбінде еншілейді. Басында айтылғандай 2001 жылы, "Валенсиямен" болған кездесуде. Мамандардың көбі, Оттмар тізгіндеген "Баварияны" команда тарихындағы "алтын кезең" дейді. Қазіргі Гвардиоланың "Бавариясың" көре тұра. Демек, Оттмардың "Бавариясының" өте мықты болғаны да.. Оттмар генерал десе генерал ғой. Туған отаны алдыңдағы борышын атқарғаннан кейін, екінші отаны Швейцарияны кетеді. Ұлттық құраманы тізгіндеу үшін. Бір кездері футболшы ретінде жарқын шақтары өткен Швецарияны, қалтаны қампайту үшін емес, мансап қуып емес, отан алдындағы борышын атқару үшін қолға алады. Швейцарияның ойынына қарап, Оттардың еңбегінің еш кетпегенін байқаймыз. Бір кездері, қорғаныста жатып алып ойнайтын командадан, шабуылдауды басты мақсат тұтатын команда жасақтап шығарды. Болашақ ізбасарына әлі дәлелдері көп, болашағы жарқын команданы қалдырып барады.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров