Еліміздің жастары қазан айында Өзбекстан құрамасына қарсы екі матч өткізеді.
Алғашқы матч 12 қазан күні өтеді. Араға екі күн салып ел құрамасы тағы да Өзбекстанмен бақ сынасады. Аталған қос ойын Ташкент шаһарында өтеді деп жоспарланып отыр.
Бұл кездесулерге дейін Мамонов шәкірттері Еуро іріктеуі аясында Англия мен Андорра қарсы тартысты матчтар өткізбек.
Еске салайық, еліміздің жастар құрамасы Еуропа чемпионатына апарар жолда Андорраны 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды Олжас Байбек өз атына жазды.
Біздің серіктес: FONBET