Transfermarkt порталы Ағылшын Премьер лигасында өнер көрсететін посткеңестік елдердің ең қымбат ойыншыларының тізімін жариялады.
Тізімнің көшін Өзбекстандық жас жұлдыз, "Манчестер Сити” қорғаушысы Абдукодир Хусанов бастады. Оның нарықтық бағасы — 35 миллион еуро.
Екінші орында — Грузияның басты жұлдыздарының бірі, "Ливерпуль” қақпашысы Георгий Мамардашвили. Оның трансферлік құны 28 миллион еуро деп бағаланған.
Үштікті "Эвертонның” 26 жастағы орталық қорғаушысы Виталий Миколенко түйіндеді. Украиналық ойыншының нарықтық бағасы 25 миллион еуро.
Ал "Брентфорд” клубында ойнайтын Егор Ярмолюк — 20 миллион еуромен төртінші орында. Одан кейін "Арсеналдың” әмбебап қорғаушысы Александр Зинченко, оның құны 18 миллион еуро деп көрсетілген.
Біздің серіктес: FONBET