Жарнама
Жарнама

Өзбек футболы бізден озды ма?

12.04.2012, 20:52
Жарнама
Жарнама

Футболды жақсы ойнау үшін екі нәрсе қажет. Ол – теория мен практика. Біріншісінен біздің елде проблема туындамаса, екіншісі бас ауруға айналған мәселе болып табылады. Өйткені, жылына бір матч өткізетін Ұлттық құрамамыздан үлкен нәтижелер күтудің өзі күлкілі. Мен сіздерге осы жайлы және көрші мемлекеттер футболды дамытуға жасап жатқан әрекеттерін баяндап берейін. Өзбек ағайындарымыздың футбол десе жанын береді. Бұл ойынның түрі Өзбекстанда күреспен бір деңгейде тұр. Олар 2008 және 2009 жылы жастар арасындағы футболға деген ынта-жігерін ояту үшін Месси мен Роналдуды мастер-класс өткізу үшін шақыртқан болатын.

Өз кезегінде мұндай мастер-класстар 2011 жылы «ақ қасқырлардың» он жеті жас аралығындағы құрамасына әсер етті ме? Дүниежүзілік доп додасында ширек финалға дейін жетіп, өз еліне үлкен абыроймен және болшаққа деген орасан зор сеніммен оралған еді. Ол былай тұрғанда, Каримовтың қызына қарайтын «Бунедкор» клубында әлем чемпионы, бүкіл Жер бетіне әйгілі Ривалдоның өзі өнер көрсетті. Ұлттық құрамаларына келер болсақ, жылына оннан астам ойын өткізеді екен. Мұндай статискамен біздің ел мақтана алмайды әрине. Ең бастысы құрамада тұрақты бапкер мен ойыншылардың болуы. Бұл жөнінен оңтүсткітегі немесе солтүстіктегі көршілеріміздің жағдайлары әлдеқайда жақсы. Молдавияны айтар болсақ, ұлттық құрамасы орта деңгейде нәтижелер көрсеткенімен, ішкі чемпионаттарындағы стандиондары мен алаңдары көңіліне жылу сыйлайды. Өйткені, тираспольдік «Шериф» клубының жаттығу жасайтын орындары секілді ТМД елдерінің бірде-бір клубында жоқ. Бұл командада сегіз жаттығу алаңы, бір бейтарап стадион, бір орталық аренасы және қыстада дайындалу үшін төбесі жабық алаң салдыртқан екен. Мұндай нәрсе үш ұйықтасаңда түсіңе кірмейді. Бір жағынан осы ел мен біздің елдің экономикасын салыстыруға да келмейді. Молдавандар өз күндерін әрең көріп жатса да, футболға деген ықылас сезімдері басқаша. Ондай сезім бізде де бар, алайда, ел ағаларымыздың көңілі басқа жақа ауып кететіні өкініштен гөрі қайғырудан басқа амал қалмайды. Өзбектер мен молдовандардан басқа белорустар теңбілді доптан ілгері қамдар басып жүр. Құрамасында бірде-бір аты шулы жұлдызы жоқ Чемпиондар Лигасындағы «Батэнің» ерлігі не тұрады. Картоп елінің құрамасы болса алпауыт командалардан сескенбей, терезесі тең дәрежеде ойын көрсетеді десекте қателеспейміз. Себебі, мұндай нәтижелер жолдастық кездесеулерді көптеп өткізуден туындайды. Яғни, құрама ойыншылары еурокубоктерде өз баптарында дайын тұрады. Соған байланысты жылына алты, жеті жолдастық кездесулер өткізеді. Белорустардан орыс ағайындары қалыс қалып жатқан жоқ. Олар тіпті бір маусымда жеті жолдастық ойындар өткізеді екен. Мұның барлығы неден шығады десек? Бақтан гөрі баптың шабатындығында. Тыңғылықты дайындықтың арқасында армяндар мен эстондар Еуро-2012-де өнер көрсетуге лайықты еді, тек тәжірибенің жетіспеушілігі соңғы мүмкіндіктен айырды. Көп тепсе гол болар демекші Қазақстан Ұлттық құрамасы жылына бір немесе екі матчтар өткізеді. Бұл Еуропаның жоғарғы деңгейін айтпай-ақ қояйын, орта деңгейдегі командаларына қарсылық көрсетуге жеткіліксіз. Оның үстіне құрама сапындағы ойыншылардың тізімі үнемі өзгеріске ұшырайды. Ең бастысы отандық менеджерлердің жоқтығы. Осы салада жақсы маманның болу, құрамадағы келеңсіз жағдайларды өзгертетін еді. Онсызда біздің футболшылар биылдан бастап Премьер-лигада 26 тур өткізсе, басқа еуропалық елдердің чемпионаттарында 30-дан астам ойын өткізіледі. Оған қоса легионерлердің санын жетеуге ұлғайттық. Ал енді өзіңіз есептеп көріңіз. Енді ішкі чемпионат алаңында шет елдік футболшылар көп ойын көрсетеді. Өйткені, оларға сеніп тапсырылған қаражат ақталуы тиіс. Сол себепті Қазақстанның намысын қорғайтын ойыншылар жасыл алаңға көп шықпайтын болады. Шамамен Премьер-лигада 20 тур, Ұлттық құрамада 6 матч, Қазақстан Кубогінде 4 ойын өткізіп, жалпы 30 матч бір маусым үшін аз. Әрісі футбол ареналарымыздың жағдайын айтуға сөз бармайды. Жанкүйерлер өз командасын көру үшін басқа қалаларға бару керек. Тағы сіз маған осындай жағдайда еліміздегі футболымыз қалай дамымақ? деген сұраққа жауап беріңіз. Бразилияға үш жылға футбол өнерін үйренсін деп жас жеткіншектерімізді жібердік. Қазір сол жастарымыз қайда? Бүгінгі күні оларға командадан орын табылмай отыр. Сонда біз оларды бекер оқыттық па? Әлде Пеленің еліне демалу үшін жібердік па? Қайта көрші ел өзбек ағайындарымыз жақсы екен. Олар Ташкентте биылдан бастап мадридтік «Реалдың» академиясын салдырпақшы. Онда 200 қыз және ұл бала оқытылатын болады. Допты көп тебуді айтамыз, сол ала допты тебетін жағдай да жасалмаған. Ал жағдайға келсек, сол Молдавия, Белоруссия, Өзбекстаннан артықшылығымыз болмаса, кемшілігіміз жоқ. Иа, осындай үлкен проблемамызбен алысқа кете алмайтынымыз айдан анық. Қорытындылай келе, футболды дамытуға көп мүмкіншілігіміз бар. Бірақ, оны іске асырмаймыз. Тек осы мақалада айтылғын сөз ертең жетім қалмаса болғаны.

Абзал Сүлеймен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров