Жаңа Зеландияда жиырма жасқа дейінге жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Өзбекістан, 1/8 финалда Австрияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Оңтүстіктегі көршілеріміз Германия, Гондурас, Фиджимен бір топқа, екінші орынмен плей-оффқа шыққан еді. Ал, Австрия топтық турнирде сенсациямен көзге түседі. Гананы ғана алға жіберген еуропалықтар, Аргентинаны үшінші орында қалдырып кетеді.
1/8 финалдағы кездесудің алғашқы таймы қауіпті сәттерге бай бола қойған жоқ. Қос командада өте сақ ойнап, гол жіберіп алмаудың қамын жасады.
Ойынның тағдырын шешкен сәт екінші таймның басы болды. Өзбектердің басты жұлдызы Хамдодов он минуттың ішінде екі гол салып, команданы ширек финалға алып шықты.
Енді Өзбекістан 1/4 финалда, Украинаны жеңген Сенегалмен кездеседі.
Австрия — Өзбекістан 0:2Голдар: Хамдадов, 47, 57
Австрия: Казали, Бранднер, Гугганиг, Линхарт, Розенбихлер, Михорль (Грубер, 50), Лаймер, Разнер, Блуч (Кройцер, 61), Гриллич, Гшвайдль (Грубек, 67)
Узбекистан: Хамраев, Ашурматов, Хамробеков, Абдуллаев, Комилов, Касимов (Шомуродов, 69), Сохибов, Гиясов, Шукуров, Хамдадов (Нормуродов, 90+2), Уринбоев