Жарнама
Жарнама

Өзбекстан басты қарсыласымен ұпай бөлісті

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жолдамасы үшін Азия құрлығында іріктеу ойындары өтіп жатыр. Көршілес Өзбекстан елінің футболшылары бүгін өз тобындағы басты қарсыласы Иранмен кездесті.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Ташкентте өткен матчты 34 мың жанкүйер тамашалаған. Өз ағайындар егер Иранды жеңсе бір аяғымен Әлем Чемпионатында тұратын еді. Бірақ, тартысты өткен ойын 0-0 есебімен тең аяқталды. Тіпті, кездесудің 57 минтуында парсы елінің оң қаптал қорғаушысы Хардани қызыл қағаз алып ойыннан қуылғанымен өзбекстандық аяқдопшылар алаңдағы сан басымдығын пайдалана алмады. Дегенмен, турнирлік кестеде Өзбекстан мен Иран 7 ұпаймен көшбасында келеді. Олардың тобында БАЭ, Катар, С.Коррея мен Қырғызстан құрамалары бар. Топта үздік шыққан екі команда Оңтүстік Америкада өтетін Жаһан біріншілігіне қатысуға тікелей жолдама алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров