Өзбекстандық Zamin.uz сайты "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның алдағы "Реал Мадридке" қарсы ойыны жайлы өз пікірін білдірді.
Матч қарсаңында жас қақпашы журналистерге берген сұхбатында ойынның мәнін атап өтті:
"Бұл тек біздің клуб үшін емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды кездесу. Біз алаңға "Қайраттың" ғана емес, елдің намысын қорғап шығамыз. Сенемін, бұл ойында Қазақстанды ғана емес, бүкіл ТМД жанкүйерлері қолдайды. Ал біз өз кезегімізде елімізде де дарынды футболшылар өсіп келе жатқанын, Қазақстандық футболдың лайықты деңгейде екенін дәлелдеуіміз керек. Қарсыласымыздың мәртебесі қаншалықты жоғары болса да, бастысы — өз ойынымызды көрсету.” – деді Қалмұрза.
Zamin.uz атап өткендей, футболсүйер қауым Шерханның әлемдік деңгейдегі алып клубқа қарсы қалай ойнайтынын асыға күтуде. Оның басты мақсаты — берілген мүмкіндікті жібермей, өзін үлкен сахнада дәлелдеу.
Біздің серіктес: FONBET