Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергендерінің бірі Қазақстанға келмейтін болды

08.12.2023, 00:54


“Астана” ФК қызығушылық білдіріп отырған Сильванус Нимели “Сурхана” ұжымындағы келісімшартын ұзартты.

“Сурхана” ФК спорттық директоры Рұстам Құрбанбаев:

“Сильванус Нимели “Сурхана” ойыншысы болып қала бермек. Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергендерінің бірі атанған футболшыға назар аударып жатқандар жетерлік. Бірақта біз Нимелидің келісімшартын ұзартуды жөн көрдік. Сильванус “Сурхана” командасының алдағы маусымда иек артатын басты футболшыларының бірі”. 

Айтпақшы, агент Джамал Акаев өз қызметіне жүгініп жүрген Сильвануспен “Астана” арасында келіссөздер болғанын растап өтті.