Жарнама
Жарнама

Өзбекстан футболдан әлем чемпионатын қабылдайды

02.10.2025, 21:23

Футболдың халықаралық федерациясы (ФИФА) ресми сайтында хабарлағандай, 20 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы футболдан әлем чемпионатын Өзбекстан мен Әзербайжан қабылдайды

Жарнама
Жарнама

2 қазанда Цюрихте ФИФА кеңесінің отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу құқығы Өзбекстан мен Әзербайжанға берілді.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Чилидің төрт қаласында (Сантьяго, Вальпараисо, Ранкагуа, Талька) жастар құрамалары арасындағы әлем біріншілігінің 24-ші кезеңі басталған болатын.

Қазіргі сәтте Уругвайдың U-20 құрамасы әлем чемпионы саналады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: