Жарнама
Жарнама

Өзбекстан құрамасы 2026 жылы өтетін Әлем Чемпионатының жолдамасын алуға жақын

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылы АҚШ пен Мексикада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алуға жақын. Бүгін өз ағайындар Солтүстік Корреяда маңызды кездесуде табандылықпен жеңіске жетіп, жаһандық додаға қатысуға тағы бір қадам жасады.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Пхеньянда өткен ойын өте тартысты болды. Өзбекстан құрамасы алғашқы таймда ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаевтың дәл соққысынан кейін есепте алға шыққан болатын. Бірақ, солтүстік корреялықтар екінші кезеңде тайлы-тұяғымен шабуылдап, өзбектердің қақпасына қатты қысым жасады. Және кездесудің 85-минутында таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндік алды. Қарсылас қорғаушысы өз айып алаңында допқа қолмен жанасып, төреші пенальти белгіледі. Және ереже бұзған Умар Емруродов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бірақ, нүктеге келген Жонг-Ил-Гванның соққысын Өткір Юсупов қайтарып, командасына жеңіс сыйлады. Турнирлік кестеде Өзбекстан 6-турдан соң 13 ұпай жинап, Әлем чемпионатына тікелей жолдама беретін екінші орынға мықтап жайғасты. Олардың ізін басқан қарсыластары БАЭ мен Катар құрамаларында 7 ұпайдан бар. Және екеуі бүгін бір-біріне қарсылас атанып отыр. Демек, ол ойында тең есеп тіркелсе Өзбекстан бір аяғымен жаһан біріншілігінде дей беруге болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров