Жарнама
Жарнама

Өзбекстан құрамасы алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды

05.06.2025, 23:35

Өзбекстан ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды.

Жарнама
Жарнама

Азия аймағындағы іріктеу кезеңінің үшінші раундында Тимур Кападзе жаттықтыратын команда сырт алаңда Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті. Кездесу Абу-Дабидегі «Әл-Нахайян» стадионында өтті.

Бұл нәтижеден кейін өзбекстандықтар 18 ұпай жинап, өз тобында кем дегенде екінші орынды қамтамасыз етті. Бұл тікелей 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда A тобында Иран (20 ұпай) көш бастап тұр. Өзбекстаннан кейінгі орындарда БАӘ (14), Қатар (10), Қырғызстан (6) және ҚХДР (2) орналасқан.

Өзбекстан құрамасы іріктеу кезеңін 10 маусым күні Катарға қарсы өз алаңындағы матчпен аяқтайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: