Өзбекстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында кезекті танымал бапкерге көз тікті.
Өзбекстан футбол қауымдастығы бұрынғы «Вест Хэм» бапкері, хорватиялық маман Славен Биличпен келіссөздер жүргізуді бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстаннан БАӘ құрамасының экс-жаттықтырушысы Паулу Бенту бас тартқан болатын.
Қазіргі таңда команданы жергілікті маман Тимур Кападзе уақытша басқарып отыр. Ол тарихта алғаш рет Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына алып шыққан бапкер ретінде есте қалды.
Біздің серіктес: FONBET