Жарнама
Жарнама

Өзбекстан құрамасы Қырғызстан қақпасына төрт гол соғып, финалға шықты

06.09.2025, 10:00

Өзбекстан құрамасы CAFA Ұлттар кубогының топтық кезеңінде Қырғызстанды ірі есеппен тізе бүктірді.

Жарнама
Жарнама

Ташкентте өткен кездесу 4:0 нәтижесімен аяқталды. Голдардың авторлары 21-минутта Акмаль Мозговой, 67-минутта пенальтиден Отабек Шукуров, 82-минутта Игорь Сергеев және 90+3-минутта Азизбек Тургунбоев. Қонақтар 44-минуттан бастап Валерий Кичиннің алаңнан қуылуына байланысты бір ойыншысы кем ойнады.

Бұл жеңістен кейін Өзбекстан 7 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша топта бірінші орынға шықты. Дәл сондай 7 ұпай жинаған Оман екінші орынға жайғасты. Ал Түрікменстан мен Қырғызстан бір-бір ұпаймен үшінші және төртінші орындарды бөлісті.

Финалда Өзбекстан Иран құрамасымен күш сынасады. Ал үшінші орын үшін Оман мен Үндістан кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров