FIFA АҚШ пен Мексикада өтетін Әлем чемпионаты алдында қатысушы құрамаларға өтемақы төлейтін болады.
Club Benefits Program жүйесі бойынша Өзбекстан құрамасына өз түлектерін жіберген елдің клубтары FIFA-дан арнайы өтемақы ала алады.
Биылғы мундиальда қатысушы елдерге 100 млн доллар үлестіріліп отыр. Олар кейінірек, алған ақшаларын ішкі чемпионаттағы клубтардың есепшотына аударады.
Мәселен, Катардағы Әлем чемпионатында 14 күн өнер көрсеткен клуб ойыншысына 153 мың доллар қаражат берілген.
Өзбекстан құрамасы сапында бұл тұрғыдан “Насаф” командасының футболшылар көп. Атап айтсақ, Абдувахид Неъматов, Шерзод Насруллаев, Акмал Мозговой, Зафармурод Абдурахматов, Гъолиб Гъайбуллаев, Алибек Давронов, Умар Эшмуродов және Бобур Абдулхоликов. Аталған футболшылар Өзбекстанның әлем чемпионатына шығуына үлес қосты. Сол себепті, “Насаф” командасы ФИФА-дан өтемақы талап етуіне құқылы.
Біздің серіктес: FONBET