2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Өзбекстан құрамасы Португалия және Колумбия елдерімен күш сынаспақ деп хабарлайды, Aladop.kz.
Топтағы тағы бір құрама құрлықаралық плей-офф арқылы наурыз айында белгілі болады.
Жеребеден кейінгі қызықты жағдайлардың бірі - Өзбекстан мен Португалия арасындағы наурыз айына белгіленген достық кездесудің тоқтатылуы болды. Екі ел бұған дейін ойынның барлық шарттары бойынша келісіп қойған еді.
Бірақ кешегі жеребеден кейін бұл кездесуді өткізу мүмкін болмайды. Себебі, ФИФА ережесіне сәйкес, әлем чемпионатында бір топта ойнайтын командалар турнир алдында өзара жолдастық ойын өткізе алмайды.
Біздің серіктес: FONBET