2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Өзбекстан өз тобындағы соңғы ойынын Қатарға қарсы өткізді.
Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өткен ойын алаң иелерінің сенімді жеңісімен аяқталды. Кездесудің 28-минутында Азизбек Тұрғынбоев айып алаңы ішінен жасаған әдемі соққысымен есеп ашты. 86-минутта Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродов есепті еселей түсті. Ал қосымша уақыттың 90+2 минутында Игорь Сергеев үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.
Айта кетейік, Өзбекстан өткен турда алғаш рет Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET