Жарнама
Жарнама

Өзбекстан жастары әлем чемпионатын жеңіспен бастады

05.11.2025, 23:19

Өзбекстан футболшылары U-17 әлем чемпионатының топтық кезеңін Парагвайға қарсы жеңіспен бастады.

Жарнама
Жарнама

Қатарда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Өзбекстан құрамасы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. 5 қарашада өткен матч 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші турдан кейін Өзбекстан J тобында екінші орында тұр. Ал көшбасшы орынды Панаманы 3:0 есебімен жеңген Ирландия тұр.

Енді өзбекстандықтар 8 қараша күні Ирландиямен, ал 11 қарашада Панамамен кездеседі.

Әр топтан үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз үздік команда 1/16 финалға өтеді. 

Чемпиондық атақты 2023 жылы Индонезияда өткен алдыңғы турнирдің жеңімпазы Германия құрамасы қорғауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: