Өзбекстанда “Ордабасы” шабуылшысының команда ауыстыруына байланысты тараған ақпаратқа пікір білдірілді

01.12.2023, 23:13


Stadion.uz сайты Бобур Абдухолиқовтың “Ордабасыда “Насаф” ұжымына ауысады деген ақпарат жалған екендігін айтып өтті. 

“Бобур Абдухолиқовтың “Насаф” командасына ауысады деген жалған ақпарат шықты.

Қазақстанда футбол маусымы аяқталғандықтан біздің шабуылшы өз клубының жаттығу жұмыстарына белсене араласады. Ол Азия Кубогіне дейін спорттық формасын жоғалтып алмауы керек. 

Бобур мансабын қай командада жалғастыратыны Азия Кубогы турнирінен кейін белгілі болады”, - деп жазады сайт. 

 Еске салайық, өзбекстандықтың “Ордабасыдағы” келісімшарты желтоқсан аяғында аяқталады. 

 Абдухолиқов шымкенттік ұжым үшін өткен маусымда 36 ойын өткізіп, 8 гол мен 4 голдық пас берді.