Жарнама
Жарнама

Өзбекстандық клубтар ҚПЛ өкілдерінен қымбат

12.03.2025, 10:50

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-Лигасы мен Өзбекстан Суперлига клубтарының нарықтық құнын бағалады

Өзбекстандық клубтар ҚПЛ өкілдерінен қымбат
"Қайрат" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Танымал порталдың мәліметіне сенсек, Қазақстан Премьер-Лигасының (14 клуб) жалпы құны 72,06 миллион еуроны құраған. Қазақстандағы ең қымбат клуб – алматылық «Қайрат» делінген. Оның құрамының бағасы 10,2 миллион еуро деп бағаланады. Алматылық командадан кейін «Астана» орналасқан - 9,7 млн еуро. Үздік үштікті  қостанайлық «Тобыл» түйіндепті. «Тобылдың» жалпы құны 8,1 млн еуроны құрайды.

Осылайша, Қазақстан Премьер-Лигасындағы командалардың жалпы жалпы құны Өзбекстан Суперлигасынан біршама төмен болып шықты. Белгілі спорттық портал өзбек лигасын 90,79 миллион еуроға бағалаған еді.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров